[go: up one dir, main page]
More Web Proxy on the site http://driver.im/Мазмұнға өту

Самыр

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Самыр


Амандық күйі

Least Concern (IUCN3.1) [1]
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Жануарлар
Жамағаты: Хордалылар
Табы: Құстар
Сабы: Торғайтәрізділер
Тұқымдасы: Bombycillidae
Тегі: Bombycilla
Түрі: B. garrulus
Екі-есімді атауы
Bombycilla garrulus
(Linnaeus, 1758)
Bombycilla garrulus

Самыр (лат. Bombycilla garrulus) — торғайтәрізділер отрядына жататын құс. Дене тұрқы 15 — 18 см, аяғы қысқа. Жұмсақ, тығыз қауырсындары қоңыр-сұр түсті, басында айдары болады. Әуеде жылдам ұшады, жерде жақсы жүреді. Самырлар негізінен жыл құсы, кей жылдары қыстап та қалады. Қылқан жапырақты және аралас ормандарда тіршілік етеді. Ұясын ағаш басына салады, онда 3 — 5 жұмыртқа болады. Жұмыртқаларын 14 күндей басады. Қорегі — жидек, ұсақ жемістер, сондай-ақ, жәндіктерді (масалар, көбелектер, жылғалықтар) ұшып жүріп, қағып алып жейді.[2]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. BirdLife International (2004). Bombycilla garrulus. 2006. IUCN Red List of Threatened Species. IUCN 2006. www.iucnredlist.org. Retrieved on 12 мамыр 2006. Database entry includes justification for why this species is of least concern
  2. Қазақ Энциклопедиясы, 7 том