[go: up one dir, main page]
More Web Proxy on the site http://driver.im/Мазмұнға өту

Дастан

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Дастанәдебиет жанры. Фольклордың саласына жатады. Таяу Шығыс, Орта Азия, қазақ халықтары арасында кең тараған. Тақырыбына қарай қазақ дастандары батырлар жыры («Алпамыс»), тарихи жырлар («Бекболат»), ғашықтық жырлар («Қыз Жібек»), қиссалар («Тотының тоқсан тарауы») болып бөлінеді. Кеңес заманында еңбек ерлеріне, Отан соғысы батырларына, партия қайраткерлеріне арналған авторы белгілі дастандар шықты. Мысалы, Жамбылдың «Замана ағымы», Н.Байғаниннің «Қанды жорық», Қ.Жапсарбаевтың «Капитан Гастелло» дастандары т. б. дастанның тілі шұрайлы, онда бейнелі сөздер көп кездеседі. М.Әуезов «Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы (1845-1904)» монографиясының «Абайдың поэмалары» тарауында дастанның негізгі оқиғасы шығыс аңыздарына құрылатындығын, оны Абайдың жаңғыртып, «анық қазақтың өз үлгісіндегі дастандар түрінде» жазғанын мысалға келтірген, «Абай шығыс әдебиетіндегі ұлы классиктер мол баяндаған күйге түгел тоқтап, бағынып қалмайды. Ол аңызды өзінше, көп жағынан өмір шындығына жақындатып, реалистік стильге бұрады».[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Мұхтар Әуезов энциклопедиясы — Алматы, «Атамұра» баспасы, 2011 жыл. ISBN 978-601-282-175-8