Left 4 Dead 2
Left 4 dead 2 | |
---|---|
Жасаушы | Valve Corporation (Turtle Rock Studios) Certain Affinity ( Xbox 360) |
Баспагер | Valve Corporation Electronic Arts |
Локализатор | «Акелла» |
Серия бөлімі | Left 4 Dead |
Шығарылған күні |
Windows/ Xbox 360:
17 қараша 2009 жыл |
Жанр | бірінші жақты шутер |
Жас шектеу рейтингтер |
ESRB:M—Mature PEGI: 18+ |
Тасымалдайтын құрылғылар |
Source Engine 14: Base Source 3 |
Платформалар | ДБ (Windows, Mac OS X),Xbox 360 |
Ойын режимдері | бірқолданушылық көпқолданушылық коперативті ойын |
Басқару құрылғылары | ДК: пернетақта, тышқан Xbox 360: Геймпад |
"Left 4 Dead 2" — көпқолданушыларға арналған компьютерлік ойын. Left 4 Dead-тың сиквелі болып табылатын, Microsoft Windows және Xbox 360 қолдайтын 2009 жылы 17 ақпанда АҚШ және 20 желтоқсанда Ұлыбританияда шығарылған ең үздік және танымал ойындардың бірі. Әлемдік тұсаукесері 2009 жылы дүниежүзілік E3 көрмесінде болды. 2010 жылдың 5 қазанында Mac OS X-те қолжетімді болды.[1]. 2013 жылы 4 мамырда Linux-те ойынның бета-нұсқасы жарық көрді.
Басты кейіпкерлер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Ойында төрт басты кейіпкер бар: Бапкер, Ник, Рошель және Эллис.
Бапкер (ағылш. Coach) — 44 жасар Саваннадан келген афроамерикандық . Кезінде ол колледждың футбол командасының қорғаушысы болатын, алайда тізеден алған жарақат оның мансабына нүкте қойды. Ол енді дене шынықтырудан мектепте сабақ беретін мұғалім және ол бұрынғыдай физикалық тұрғыдан мықты емес, оның себебі, ол шоколадқа құмар. Оны таныстарымен достары Бапкер деп атайды, ол оған үйреніп кеткен. Сондықтан ол басқа Тірі қалғандармен танысқанда шын есімін айтпай, лақап атымен танысты. Өзінің сұсты түріне қарамастан, ол өте мейірімді. Ол — католик, және Библиядан дәйексөздер оқығанды жақсы көреді. Бапкер төрттіктің ішіндегі ең жасы үлкені, сондықтан ол жаңа достар арасында - бейресми басшы. Ол Эллис сияқты Midnight Riders тобымен автожарыстардың жанкүйері. Бапкердің сырт-келбеті Дарнелл Райстан (ағылш.Darnell Rice) көшіріліп, Чед Колман дыбыстаған.
Ник (ағылш. Nick) — құмар ойыншы әрі епті алаяқ. Ол 35 жаста. Үнемі қымбат ақ костюм киіп, әдемі өмірді жаны сүйеді. Ник қаладан қаланы аралап жергілікті казинодан карта ойнап ақша табатын. Саванна оның өмірінде жай ғана уақытша тұрақ болатын, бірақ эпидемия оның барлық жоспарын күл-талқан етті. Енді ол жаңа таныстарының арасында қиын жағдайдан жол табуға тырысады.
Рошель (ағылш. Rochelle) — 29 жасар Кливлендтік қара нәсілді қыз. Адамдармен қарым-қатынасқа деген махаббат оның тағдырын анықтады— ол журналистиканы таңдады. Ол қызметінде жетістікке қол жеткізіп, шені жоғарылап Саваннадағы оқиғалар туралы мақала жазуға тапсырма алады. Атлантедаладағы эпидемия оған жақсы репортаж жасауға мүмкіндік беріп, ол эвакуационды орталыққа жаңалықтар жасауға аттанады, алайда туындаған алай-дүлей оның бүкіл жоспарын күл-талқан етті. Дегенмен Рошель тез беріліп өлім күтіп отыратын адам емес. Ол қару тауып басқа Тірі қалғандармен бірікті. Рошел Френсис сияқты (бірінші бөлім кейіпкері) өмірдегі көптеген дүниелерді жек көреді, ол досқа адал және сүйкімді. Рошелдің сырт бейнесі Шанол Хэмптоннан көшірілген.
Эллис (ағылш. Ellis) — қарапайым, бірақ ақымақ емес 23 жасар Саванналық жігіт. Ол автошеберханада жұмыс істейді және достарымен уақыт өткізгенді ұнатады. Бапкер сияқты Midnight Riders тобы мен автожарыстардың жанкүйері. Зомби-апокалипсис келгенде, Эллис қорыққан да жоқ, жақсылап қаруланып Жұқтырғандарға өзінің қорқуға тұрарлық адам екенін дәлелдеуге аттанды. Эллис айналада болып жатқан нәрселерді талқылағанды ұнатады, көбінесе қажетсіз жерде Тірі қалғандарға досы Киттың басынан кешкен оқиғаларды әңгімелейді. Эллис мейірімді, әрі өте аңқау жігіт, соның кесірінен Ник оны мазақ қылғанды ұнатады. Зоймен кездескеннен кейін оған ғашық болып қалады. Эллистың сырт бейнесі Джеси МакКиннейден көшірілген, ал оны Эрик Лэдин дыбыстады.
Жұқтырғандар
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Ойында Жұқтырғандардың Left 4 Dead-тегі барлық түрі— қарапайым Жұқтырғандар, Аңшы, Смокер, Семіз, Танк және Мыстан сақталған, онымен қоса жаңа түрлері қосылған. Олар Сирек кездесетін және қарапайым Жұқтырғандар: CEDA ғалымдары, Сайқымазақтар, Батпақарлар, Жұмысшылар, Спецназшылар. Және Ерекше Жұқтырғандар: Алпамса, Шабандоз мен Түкіргіш.
Қарулар мен заттар
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Ойында қарулардың барлық түпнұсқа түрлері сақталған, әрі атыс қарулардың жаңа түрлері, гранатомет және M60 пулеметі қосылған. Қарудың тиімділігін арттыратын жаңа заттар — дәлдікті арттыратын лазерлы көздегіш, жарылғыш және жанғыш оқтардың қаптамалары пайда болған. Онымем қоса, тапаншамен ауысатын, жақын айқасқа арналған қарулар қосылған. Осы типтес қарудың 11 түрі бар, олар бір-бірінен сыртқы пішінімен қоса жылдамдығымен, жою қуатымен ерекшеленеді. Олар, мотоарадан басқасы, 500 бірлік залал келтіреді. Танкке — оның жанынан 5 %, Мыстанға — оның жанынан 25 % залал келеді. Тағы да бір жаңа лақтырмалы құрал "Семіздің сұйықтығы толған тұнба". Бұл сұйық түскен жерге Жұқтырғандар ұмтылады.
Ойын барысы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Ойынның ойналу барысы Тірі қалғандармен Жұқтырғандардың арасындағы күреске негізделген. Әрбір кампания ойыншылар жүріп өтіп қауіпті аймақтан шығаратын құтқару транспортына жетуі қажет бірнеше деңгейден тұрады. Деңгейлер бір-бірімен «қауіпсіз бөлмелер» (ағылш. safe room) арқылы байланысқан. Тірі қалғандар бөлмеге кіріп есікті жапқан сәтте ойын аяқталады. Ал келесі деңгей дәл сол бөлмеде басталады, алайда шығатын есік басқаға ауысып, ескі есік мықтап бекітіліп тұрады. Мұндай бөлмелерде қару-жарақ және дәрі қобдишасы болады. Кампанияны төрт кейіпкермен бірге өтеді, олардың әрқайсысы адаммен немесе ботпен басқарылуы мүмкін. Кейбір деңгейлерде ойынды жалғастыру үшін «паникалық жағдайды» (ағылш. panic event) тудыруға тура келеді, бұл жағдайда Жұқтырғандар көп мөлшерде қаптап кетеді. Ойынның бірінші бөлімімен салыстырғанда «паникалық жағдай» түрленіп өзгере түсті. Ойынның бұл бөлімінде Жұқтырғандардың көбеюі Тірі қалғандар белгілі бір іс-әрекеттерді орындамайынша толастамайды.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Цензура в Германии (нем.). Басты дереккөзінен мұрағатталған 1 сәуір 2012. Тексерілді, 2 маусым 2010.