[go: up one dir, main page]
More Web Proxy on the site http://driver.im/Мазмұнға өту

INSEE коды

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

INSEE коды (фр. codes Insee немесе codes INSEE) — Францияның ұлттық статистика және экономикалық зерттеулер институты (фр. INSEE) бекітетін сандық немесе әріптік-сандық код.

Ресми географиялық код

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Ресми географиялық код — INSEE белгілейтін Франция қауымдарының номенклатурасы.

Мысалы: Мец қаласының INSEE коды — 57463. Мұндағы,

57 = Мозель департаментінің ресми нөмірі,
463 = Мец қаласының нөмірі (Мозель департаментінің елді мекендерінің алфавиттік реті бойынша беріледі).

Әлеуметтік сақтандыру нөмірі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Францияның әр тұрғынына дүниеге келген сәтте 15 саннан құралған нөмір беріледі. Бұл нөмір «Әлеуметтік сақтандыру нөмірі» деп аталады.

Нөмір сандары келесі мағыналарға ие:

Қолданылуы Санның орны Мағынасы Берілетін сандар аралығы
Барлық нөмірлер үшін 1 Жынысы (ISO 5218 бойынша) 1 — 2
2 — 3 туған жылының соңғы екі саны 00 — 99
4 — 5 туған айы 01 — 12, немесе 20 (белгісіз жағдайда)
11 — 13 туу туралы куәлiктің реттік нөмірі 001 — 999
14 — 15 бақылау сомасы 01 — 97
Францияда туғандар үшін 6 — 7 туған департаментінің нөмірі 01 — 95, Корсика үшін 2A және 2B
8 — 10 туған қаласының нөмірі (INSEE бойынша) 001 — 990
Францияның мұхиттың арғы жағындағы жерлерінде туғандар үшін 6 — 8 туған департаментінің нөмірі 970 — 989
9 — 10 туған қаласының нөмірі (INSEE бойынша) 01 — 90
Франциядан тыс туғандар үшін 6 — 7 константа 99
8 — 10 туған мемлекеттің коды (INSEE бойынша) 001 — 990

Тағы қараңыз

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Сыртқы сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]