[go: up one dir, main page]
More Web Proxy on the site http://driver.im/Мазмұнға өту

Kawasaki Ki-61 Hien

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Kawasaki Ki-61-14

Ki-61 Hien (жап. 飛燕) - Екінші Дүниежүзілік Соғыста Жапон Императорлық Армиясымен қолданылған жойқын ұшақ. "Қарлығаш" атанған бұл ұшақ өзінің қатарластарына қарағанда мүлдем өзгеше болды. Әскери модельді құрастыруды өз қолына инженер - Такэо Дои алды. Алғаш рет әскери ұшақты тестілеу 1941 жылы орын алды. 1942 жылдан бастап шамамен 3100 моделі құрастырылған. Бұл Иператорлық Армиядағы маневрға қабілеттік пен жақсы қорғанысға ие болған сирек ұшақтардың бірі[1].

Ұшақ басқалардан өзінің мықты қорғаныс қасиеттерімен, жоғары жылдамдығымен және жойқын қаруымен ерекшеленді. Сонымен қатар, оның түрінің өзгешелігі басқа елдердің ұшқыштарын таң қалдырды. Бұл жаңа қару өзін майданда керемет көрсеткендіктен оның өндірісі арта түсті. Алайда, соғыстың соңына қарай, қозғалтқыштармен байланысты қиындықтар оның құрылуын бәсеңдетті.

Сипаттамасы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Ең үлкен жылдамдығы: 6 000 м үшін 610 км/сағ
  • Ең жоғары ұшу ұзындығы: 1 600 км
  • Ең жоғары биіктік: 11 000 м
  • Көтерілу жылдамдығы: 13,9 м/с
  • Көтерілу уақыты: 5 000 м 6 минутта
  • Қанатқа түсетін ауырлық: 189 кг/м²
  • 2 × 20 мм Ho-5 қанатта орналасқан, әр стволға 120 патрон
  • 2 × 12,7 мм Ho-103 в фюзеляжде, әр стволға 200 патрон

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. "Уголок Неба" Авиациялық энциклопедиясы.