Explorer
Көрініс
Explorer — жер төңірегіндегі ғарыштық кеңістікті зерттеуге арналған америкалық ғарыштық ұшу аппараттарының және ұшыру жоспарының (1957 жылдан бастап) аты.[1]
Explorer 1 — АҚШ-та алғаш рет ұшырылған Жердің жасанды серігі (1.2.1958). Аппараттардың геом. пішіні әр түрлі (мысалы, шар, көпбұрыш, цилиндр, конус) болып жасалады. Оның ұзындығы 2 м-ге жуық, массасы 8,3 кг-нан (Explorer 1) 720 кг-ға (Explorer 55) дейін жетеді. Серіктер хим. және күн батареясымен қоректенеді. Орбитада өмір сүру уақыты 3 жылдай. Explorer көмегімен ғарыштық сәулелер, күн мен жұлдыздар, магнит өрісі, метеор бөлшектер, ионосфера мен атмосфера, жер төңірегіндегі кеңістіктің радиац. күйі, т.б. зерттелуде.[1]
-
Explorer 1
-
Explorer 7
-
Solrad 10
-
SAMPEX
-
RHESSI
-
IBEX