[go: up one dir, main page]
More Web Proxy on the site http://driver.im/Мазмұнға өту

Үстірт

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Үстірт (франц. plat — жайпақ) —

  1. платформа өңірінен көрініс беретін, теңіз деңгейінен біршама көтеріңкі орналасқан, тегіс жазықтармен сипатталатын ауқымды алап; беткі деңгейі біршама биік Үстірттер (1000 м-ден биігірек) жайпақ таулар деп аталады.
  2. Лавалы немесе жанартаулы үстірттер — лавалы жамылғылармен көмкерілген қыраттар.
  3. мұхиттық үстірттер немесе су асты үстіртері — біршама тегіс жербедермен сипатталатын, мұхит өңірінің ауқымды аймағын алып жатқан кыраттар жүйесі.[1]

Үстірт - бұл ойпатты жазықтардан кемерлермен шектелетін, әлсіз тілімделген, төбесі тегіс көтеріңкі жазық. Үстірт платформалар мен тақталардағы жарықтарды бойлай жүретін көтерілулер нәтижесінде түзелген. Олардың беткі қабаты тығыз шөгінді жыныстардан тұрады. Қазақстанның оңтүстік - батыс шетінде шөлді Үстірт орналасқан. Ол көршілес жазықтардан геологиялық құрылымын айқындайтын қалың қалқан тәрізді әктасты жыныстардан тұратын тік беткейлі кемерлер арқылы шектеледі. Үстірттің беті тегіс әрі көлбеу. Эрозия әрекеті жыралар мен терең жылғалар торын түзіп, толқын тәрізді бедер қалыптастырған.

Тағы қараңыз

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Қ 17 Геология. А.Қ.Құсайышов — Алматы: "Мектеп" баспасы" ЖАҚ , 2003. — 248 бет. ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2