Траулер
Көрініс
ТРАУЛЕР (ағылш. trawler – трал, ау) – тралмен балық аулауға арналған кәсіпшілік кеме. Кәсіпшілік сұлбасының типі бойынша Траулерлер борттық және артқы бөліктік, су сыйымдылығына байланысты – аз тоннажды (350 т-ға дейін), орта тоннажды (350 – 2500 т) және ірі тоннажды (2500 т-дан жоғары) болып бөлінеді. Траулердің ұзындығы 125 м-ге, негізгі қозғалтқышының қуаты 3,7 МВт және одан да жоғарыға, жылд. 28 км/сағ-қа дейін жетеді. Траулерге кәсіпшілік, тоңазыту, балық өңдеу, электррадионавигац., іздестіру құрылғылары, тралды бақылап отыратын аспаптар орнатылады.[1]
Сілтеме
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |