[go: up one dir, main page]
More Web Proxy on the site http://driver.im/Мазмұнға өту

Сонгкок

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Ислам мақалалар тізбегінің бөлігі

Ислам мәдениеті

Архитектура

Араб ·Әзірбайжандық
Үнді-Ислам ·Айуандар ·Малайлық
Мавритан · Марокколық · Моғол
Османдық ·Парсы ·Рази стилі
Судандық · Татар
Қазақ ·Орта Азиялық

Өнер

Каллиграфия · Миниатюра · Кілемдер
Орта Азиялық миниатюра мектебі
Тебриз миниатюра мектебі
Үндістандағы ерте ислам өнері
Ұлы моғолдар кезеңінің өнері

Киім әдебі

Абайя ·Иқал ·Боубоу
Бурқа ·Чадра · Джаләбия
Ниқаб ·Шалбар қамис ·Сонгкок
Тақия · Куфия ·Сәуб
Джильбаб ·Хиджаб ·Феска

Мейрамдар

Ашура ·Ораза айт ·Құрбан айт
Қадір түні ·Мәулид ·Рамазан

Әдебиет

Араб ·Әзірбайжандық ·Бенгалдық
Индонезиялық · Явалық ·Кашмирлық
Күрд ·Малай ·Парсы ·Пенджаб ·Синд
Сомалилық ·Түрік ·Қазақ ·Урду

Ислам порталы
к · т · ө

Песи киген Индонезия президенті Сукарно

Сонгкок (немесе песи, копиа) — Индонезия, Сингапур, Бруней, Малайзия елдерінде, Филиппиннің оңтүстігінде, Тайландтың оңтүстігінде негізінен мұсылман ер адамдар киетін бас киім. Кесілген конус түрінде қара түсті мақтадан немесе бархаттан тігіледі. Ер адамдардың дәстүрлі бас киімі болған сонгкок үйлену тойы, мәйітті жерлеу, Құрбан айт, Ораза айт сияқты мейрамдар мен ресми іс-шараларда киіледі. Сонгкок Малайзияда Ислам дінімен байланыстырылып, Индонезияда зайырлы ұлтшыл қозғалыс өкілдерінің нышанына айналған.

Бұл бас киім Малакка түбегінде, Суматрада, Борнеода «сонгкок» деп аталады. Ал Ява аралдарында «копиа» атымен танымал. Индонезияда болса «песи» деп аталады. Түрлі болжаулар бойынша «песи» сөзі голландтың petje сөзінен шыққан. Кейбіреулер бұл сөзді түріктің феска бас киімімен байланысты деп санайды.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]