[go: up one dir, main page]
More Web Proxy on the site http://driver.im/Мазмұнға өту

Хотан

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Хотан орталығында

Хотан, Қотан — Солтүстік-Батыс Қытайдағы, Шыңжаң-Ұйғыр автономиялы районындағы қала. Халқы 130 мыңдай (2001). Тарим өзенінің саласы — Ұрынқаштың бойында орналасқан, Такла-Макан шөліне жақын ауданның орталығы. Хотан ежелгі заманнан бастап сауда керуен жолдарының қиылысында орналасты. 15 ғасырға дейін Қытайдан Еуропаға қарай өтетін Ұлы Жібек жолындағы маңызды бекеттердің бірі болды. 16—19 ғасырларда Шығыс Түркістандағы басты 6 қаланың біріне айналды (қара Алтышаһар). 18 ғасырдың 2-жартысынан Қытайдың билігінде. Шығыс Түркістандағы басқа қалалар секілді Хотанды да еуропалықтарға алғаш қазақ ғалымы Ш. Уәлиханов таныстырды. Қазір Хотан — Қытайдың батысындағы жібек иіру мен кілем тоқу қолөнерінің танымал орталығы.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том