[go: up one dir, main page]
More Web Proxy on the site http://driver.im/Мазмұнға өту

Намиб

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Координаттар: 25°00′00″ о. е. 15°00′00″ ш. б. / 25.00000° о. е. 15.00000° ш. б. / -25.00000; 15.00000 (G) (O) (Я)

Намиб

Намиб (порт. Namіbe, ағылш. Namib) — Атланд мұхитының жағалауындағы шөл дала, негізінен Намибияда орналасқан. Бұл жерде жауын өте аз жауады. Шөл даланың ұзындығы шамамен 1300 км, ені 50-160 км. Жазықтықтың беткі қабаты негізінен тегіс жазық, әртүрлі типті құм түрлерінен қабатталған. Жазықтықтың оңтүстік бөлігін тегіс құм алып жатыр. Шығыс бөлігін, яғни Ішкі Намибте көптеген антилопа табындары кездеседі. Жағалаудағы аймақта теңіз құстарының алуан түрлері мекендейді. Оның ішінде фламинго, бірқазан, пингвиндер жиі кездеседі. Құм даланың үстінен Уолфиш-Бей қаласы мен Оңтүстік Африка Республикасыды байланыстыратын теміржол кесіп өтеді.

Сыртқы сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Category:Namib Desert