[go: up one dir, main page]
More Web Proxy on the site http://driver.im/Мазмұнға өту

Коджон

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Коджоң

Коджоң (кор. 고종?, 高宗?, 1852—1919) — Чосон мемлекетінің 26- ші ваны (1863 – 1897) және Корей империясының 1 – ші императоры (1897 - 1907).

1863 жылы ван Чхольджон дүние салып және таққа отыратын мұрагер қалдырып кетпеген соң, оның жұбайы таққа немере туысы Ли Мёнбокты отырғызуға кеңес етеді. Ол кәмелет жасқа толмаған соң, оның орнына әкесі Ли Хаын (Тевонгун ханзада – регент) атқарушы ретінде билік етеді. Тэвонгун елді жабық есік саясатын жүргізуге тырысты. Оның ықпалымен елдегі христиандарды қудалау саясатын жүргізе бастады.

1866 жылы Тэвонгунның ықпалымен Мин кланынан шыққанқызға үленеді. Ол күйеуінің жүргізген саясатына ықпал етуі әкесі екеуінің қарым – қатынасына сыза түсіре бастады. Кореяның есік ашуы.

Көршілес Жапония сыртқы әлемге Кореяның есігін ашуын талап етті. Канвхадо портына жапон флоты келіп түскенде, кореи артиллериясы оқ атты. Екі жақтың шайқасынан екі жапон жарақаттанып, 35 корей қаза тауып және 16 – сы тұтқынға түседі. Жапон үкіметі бұл жанжалдың қарымтасын Кореяны теңсіздік бітім шартымен қайтаруды жөн санады. Бұл бітім шарттар Жапонияның батыс елдерімен жасаған шарттарының негізінде жасалуына негіз болды.

1876 жылы 15 қаңтарда Курода Киётаки басшылығындағы жапон флоты Корея жағасына келеді. 26 ақпанда екі жақ бейбіт келісім шартқа отырды. Келісім шарт бойынша Жапония кемелері Кореяның су жолдарында еркін жүріп, сауда жүргізуге мүмкіндік алды. Осыған негіздес келісім шарттар АҚШ, Италия, Ресей, Германия және Франциямен жасалды. Бұл саясат Жапонияға ұнамады. Жапонияға басып кіріп, 1895 жылы Коджонның жұбайы Мёнсон патшайымды өлтірілді. 1896 жылы Коджон Ресей елшілігінен пана табады. Ол 1897 жылы өзін император деп жариялап, жаңа тәуелсіз Кореи империясын құрады. Коджон жаңа Кванму (кор. 광무?, 光武?) дәуірін жария етті.

Сыртқы саясаты

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Коджон император дәрежесінде ірі империалистік елдермен байланыс жасады. Ашық есік дәрежесінде Жапон империясымен (1876 – 1905), АҚШ - пен (1882 – 1905), Британ империясымен (1882 – 1905), Герман империясымен (1883 – 1905), Италия корольдігімен (1884 – 1905), Ресей империясымен (1884 – 1905), Үшінші Француз Республикасымен (1886 – 1905), Австро – Венгрия империясымен (1892 – 1905), Цин империясымен (1899 – 1905), Бельгия корольдігімен (1901- 1905), Дания корольдігімен (1902 – 1905) дипломатиялық байланыстар орнатылды.

Марапаттары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Әулие Маврикий және Лазарь ордендерінің үлкен кресті (Италия корольдігі, 1895)
  2. Құрметті легион орденінің үлкен кресті (Франция 1895)
  3. Хризантема орденінің алқасы (Жапон империясы 1897)
  4. Алтын Мерила ордені (Корей империясы,1900)
  5. Үнді империясы орденінің гранд - командоры (Британ империясы, 1900)
  6. Карлос ІІІ орденінің алқалы үлкен кресті (Испан корольдігі, 1900)
  7. Леопольд І ордені (Бельгия корольдігі,1901)
  8. Екі айдаһар ордені (Цин империясы , 1903)
  9. Әулие Станислав ордені, 1 - ші дәрежес (Ресей империясы, 1903)
  10. Піл орденінің рыцары (Да́ния корольдігі, 1903)
  11. Қара қыран орденінің рыцары (Герман империясы, 1904)