[go: up one dir, main page]
More Web Proxy on the site http://driver.im/Мазмұнға өту

Жарын

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Жарын
иудей жарыны
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Өсімдіктер
Бөлімі: Гүлді өсімдіктер
Табы: Қос жарнақтылар
(unranked) Core eudicots
Сабы: Rosales
Тұқымдасы: Urticaceae
Тегі: Parietaria
L.
Species

See text

Жарын, париетерая (Parіetarіa) – қалақайлар тұқымдасына жататын бір және көп жылдық шөптесін өсімдіктер туысы.

Қазақстанда таулы аймақтардың тасты, тастақты, жартасты жерлерінде, көлеңкелі, ылғалды жерлерде, сай-сала жағалауларында өсетін 4 түрі (сырдария жарыны, ұсақгүлді жарын, серб жарыны, иудей жарыны) бар. Олардың биіктігі 5 – 50 см, сабақтары түзу кейде бұтақты. Жапырақтары қандауыр немесе жұмыртқа тәрізді. Гүлдері әр түрлі: дара немесе аралас жынысты гүлшоғырлары жапырақ қолтығынан шоқтанып шығады; қос жынысты гүлдерінің гүлсерігі төрт бөлікті, түбі біріккен. Аталығы 4, үрме тозаңды, аналық гүлінің гүлсерігі түтікті, жоғарғы жағы төрт тісті. Сәуірден тамыз айларына дейін гүлдеп, жемістенеді. Жемісі – домалақ жаңғақша. Сырдария жарыны Қаратаудың эндемі болып саналады.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. "Қазақ Энциклопедиясы"