[go: up one dir, main page]
More Web Proxy on the site http://driver.im/

Snapchat (ағылш. snap — лезде суретке түсіру) — Фотосурет және видеоны қыстырып жіберіп, хат алмасуға арналған мобильді қосымша (қолданба). Эван Шпигель, Бобби Мерфи және Френк Браун Стэнфорд университетінде оқып жүрген кездерінде жасап шығарған.[1] [2][3][4]

Қосымшаны қолдана отырып, қолданушы суретке түсіріп, видео жазып, мәтін мен кескіндерді қосып, оны өзі басқаратын алушылар тізіміне жібере алады. Осындай жіберілетін сурет не видео «Snap» деген атаумен танымал. Қолданушылар алушылардың оның жіберген snap-ын қаншалықты ұзақ мерзімге дейін қарай алатынына қарай уақытқа шектеу қояды (2015 жылдың наурызындағы мәліметке сәйкес ол 1 мен 10 секунд аралығында болды),[5] содан кейін snap оны алушының құрылғысынан жойылады, бірақ Snapchat серверінен емес. Тек соңғы snap-ты ғана қайталап көруге болады және де 24 сағатта бір рет.

Snapchat статистикасы бойынша 2014 жылдың мамырындағы мәліметке сәйкес, қосымшаның қолданушылары күніне 700 миллион фотосурет пен видео жіберген екен, ал Snapchat Stories-тегі контент күніне 500 миллион рет қаралған. Әртүрлі ақпарат көздері компанияны 10-20 миллиард долларға бағалайды.[6]

Дереккөздер

өңдеу
  1. Snapchat and Reggie Brown Resolve Dispute. Тексерілді 11 қыркүйек 2014.
  2. Snapchat Team. Тексерілді 7 ақпан 2013.
  3. Bilton, Nick.
  4. Colao, JJ Is Snapchat Raising Another Round At A $3.5 Billion Valuation?. Тексерілді 9 қаңтар 2014.
  5. Alba, Davey.
  6. Ingrid Lunden.

Сілтемелер

өңдеу