- 1921 – «Жас алаш» газетінің бірінші саны жарыққа шықты. Көптеген жылдар бойы «Лениншіл жас» аталып келген бұл басылымның қазақ жастарының болмыс – бітіміне әсер – ықпалы, ұлттық журналистиканың озық дәстүрлерін қалыптастырудағы орны ерекше. Ғасыр соңында газет заман талабына сай, тәуелсіз сана тұрғысынан жаңаша түледі.
- 1989 – талай жылдар бойы діни мереке деп саналып, тыйым салынып келген, соңғы рет 1926 жылы аталған Наурыз мейрамы Қазақстанда қайтадан ресми түрде атала бастады. Бұл іске көрнекті мемлекет қайраткері, этнограф – ғалым Өзбекәлі Жәнібеков көп еңбек сіңірді.
- 1181 — Ибн әл-Фарид, Арабтың ірі мистик-ақыны
- 1394 — Ұлықбек, өзбек астрономы және математигі
- 1499 — Иоганн Карион (1537), неміс тарихшысы, математигі, астрономы.
- 1868 — Роберт Эндрюс Милликен (1953), американ физигі, 1923 жылғы Нобель сыйлығының лауреаты.
- 1931 — Бертон Рихтер, американ физигі, 1976 жылғы Нобель сыйлығының лауреаты
- 1902 – қазақтың классик жазушысы, аса көрнекті драматург Ғабит Махмұдұлы Мүсірепов дүниеге келді. 1985 жылы қайтыс болған.
- 1948 – қазақтың жазушысы Марат Қабанбаев, Г.Х.Андерсен атындағы өте беделді халықаралық сыйлықтың иегері.
- 1949 – қазақтың дүлділ әншісі Жәнібек Кәрменов.