[go: up one dir, main page]
More Web Proxy on the site http://driver.im/Мазмұнға өту

Henkel

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Henkel AG & Co. KGaA
Түрі

Қоғамдық компания

Биржадағы листингі

FWB: HNKG

Құрылды

1876

Орналасуы

 Германия: Дюссельдорф

Басты адамдары

Симона Багель-Трах (бақылау кеңесінің төрағасы)
Карстен Кнобель (басқарма төрағасы)[1]

Саласы

химия өнеркәсібі

Өнімі

косметикалық және жуғыш заттар, желім материалдары

Меншікті капиталы

19,794 млрд (2021)[1]

Айналым

20,066 млрд € (2021)[1]

Операциялық кірісі

2,213 млрд € (2021)[1]

Таза табыс

1,629 млрд € (2021)[1]

Активтер

33,669 млрд € (2021)[1]

Капитализация

25,9 млрд € (05.05.2022)[2]

Қызметкерлер саны

52700 (2021)[1]

Аудитор

PricewaterhouseCoopers

Сайты

henkel.com (ағыл.)

Henkelнеміс химия-өнеркәсіп компаниясы, тазалау және жуғыш заттарды, косметика мен жеке гигиена құралдарын, желім материалдарын өндіруші. Әлемдегі ең ірі компаниялар арасынан Forbes Global 2000 тізімінде 2021 жылы 290-шы орынға ие болды (кіріс мөлшері бойынша 445-ші, таза табысы бойынша 412-ші, активтер бойынша 887-ші және нарықтық капиталдандыру бойынша 335-ші).[3]

Штаб-пәтері Дюссельдорфта орналасқан. Негізгі нарықтар — АҚШ, Германия және Қытай.

1876 жылы Ахене қаласында жас саудагер Фринц Хенкель өзінің екі досымен бірге отырып Henkel & Cie компаниясының негізін қалаған. Серіктестер алғаш рет силикаттан жасалған Universal wasch mittel деп аталатын әмбебап кір жуу ұнтағын жергілікті халықтың назарына ұсынған. Бірнеше ондаған жылдар бойы компанияның дамуы баяу жүзеге асқан. Осыдан кейін 1907 жылы фирма нарыққа Persil маркасын шығарады. Бұл өз кезегінде Henkelдің тезірек өркендеп дамуына септігін тигізді. Компанияның иегері өз өнімдерін жарнамалай отырып, өзге неміс компанияларының арасында алғашқы болып, сатып алушыларға өнімнің ерекшеліктері мен құрамы жайлы ақпарат бере бастаған. XX ғасырдың соңына таман Henkel ірі халықаралық компанияға айналған. Ал екінші дүниежүзілік соғыс уақытында компания остарбайтерлердің еңбегін белсенді пайдаланған.

Henkel тобының құрамына әлемнің 70 еліндегі 340 зауыт кіреді. Henkel Groupтің косметикалық бөлімшесі– Schwarzkopf & Henkel. Негізгі бағыты–шаш күтіміне арналған заттар өндіреді. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін алғаш рет «шашқа арналған қоймалжың тор» Taft пен химиялық шаш бұйралайтын жабдықтарды жарыққа шығарған.

2007 жылы компания табысы 13,1 млрд еуроны (2006 жылы–12,7 млрд еуро) құраған. Таза кірісі – 921 млн еуро (855 млн еуро).

«Henkel» Еуропа мен Ресейде

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Ресейге алғаш рет «Шварцкопф» компаниясы 1904 жылы таныстырылған. «Henkel» 1979 жылдан бастап Ресейге танымал болған, яғни дәл осы уақыттан Ленинград облысы Тосно қаласының «Эра» зауытында компанияның лицензиясы мен жасау технологиясы бойынша «Момент» деп аталатын желім өндіріле бастаған. 1994 жылы Henkel компаниясын «Эра» зауытын сатып алған.

2002 жылдан бастап Ресейде ұзақ мерзімді инвистициялау жоспары жүзеге асырыла бастаған. Компания бұл жоспардың іске асуы үшін 80 млн еуро қаржы құйған. Қазіргі уақытта компанияның Ресейдегі кеңсесі әлемнің өзге де 30 елі мен Орталық және Шығыс Еуропадағы бөлімшелерінің қарамағында. Олардың басшылығы Австрияның Вена қаласында орналасқан. Компанияның есептік көрсеткішіне қарағанда бөлімшелердің сатылымы 2007 жылы 2,214 млрд еуроны құраған. Сатылымның көп бөлігі 18,8% Ресейге, 13,7% Польшаға, 12,2 % Түркияға тиесілі болған. Компанияның хабарлауынша 2007 жылы Ресейдегі сауда сатылымы 30%-ды көрсеткен.

«Henkel» компаниясының Ресейдегі брендтері:

  • тазартқыш және жуғыш жабдықтар–Persil, Pril, Bref, Vernel, ПЕМОЛЮКС, ПЕМОС, Ласка, Дени, LOSK;
  • косметика және жеке гигиеналық жабдықтар–Fa, Taft, Schauma, Gliss Kur, Diademine, Palette, got2b, Brillance, IGORA System, Natural Styling, Bonacure, OSiS, SEAH, SILHOUETTE, INDOLA;
  • желімдер мен технологиялар–Момент, Metylan, Pritt, CERESIT (құрылысқа арналған құрғақ қоспалар), Thomsit, Makroflex, Teroson, Liofol, Dorus, Technomelt, Optal, Loctite, P3.
  • Микроэлектроникаға арналған герметикалар, флюстар, дәнекер пасталар мен дәнекерлеп жапсыруға қажетті қорытпалар–HYSOL, MULTICORE

2007 жылдың қорытындысы бойынша Ресей нарығында компанияның кір жуу ұнтақтары табыстың 25%-ын құраған. Ондағы желімдер-36%, косметикалар-17,2. 2008 жылы AC Nielsen-тің қорытындысы бойынша Ресей нарығында компанияның тұрмыстық химиясы өз үлесін 26%-ға дейін көтерген( сонымен қатар Нэфистің үлесі көбейіп, P&G и Reckitt Benckiser үлесі төмендеген, ал Юнилевер компаниясының үлесі өзгермей 4% деңгейінде қалған).

  • Филиал ООО «Хенкель Рус» (Ленинград облысы, Тосно) (ертеректе атауы– Хенкель-Эра) «желім мен технология» бөлімшесінің өнімдерін өндіреді. 2009 жылы компания тұрмыстық химия өндірісін Тоснодағы ООО «Интерфилл» компаниясына сатқан. Осы жылдың сәуір айынан бастап өз өнімдеріне тапсырыстар қабылдай бастаған.
  • Перьм мен Энгельстегі ООО «Хенкель Рус» зауытының филиалдары «тазартқыш және жуғыш» санаттарындағы заттарды өндіреді.
  • Өндірістік материалдар өндіретін зауыттар: ООО «Хенкель Баутехник» (Мәскеу облысы, Коломна қаласы) және оның Сызранидегі филиалы ООО «Русхенк».

Неміс тілінде «Taften» сөзі бар, (Henkel-дің ықпал етуімен пайда болған) оның мағынасы «тафпен бұйралау» немесе «тафпен қолдану».

«Henkel» Қазақстанда

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Еліміздегі «Алтын Алма» компаниялар тобымен «Schwarzkopf & Henkel» компаниясы 2007 жылдың маусым айында бастап бірге жұмыс атқарып келеді. Бүгінгі күні «Алтын Алма» «Henkel» компаниясының бүкіл Өзбекстандағы дистрибьюторы болып саналады. Ал 2008 жылдың ақпан айынан бері «Алтын Алма» «Schwarzkopf» компаниясымен Батыс Қазақстанда бірлесіп жұмыс атқарады.

«ХЕНКЕЛЬ БАУТЕХНИК КАЗАХСТАН» ЖШС ТУРКУАЗ бен ХЕНКЕЛЬ 2008 жылдың мамыр айында Алматы қаласында өзінің алғашқы фабрикасын ашуды жоспарлаған. ТУРКУАЗ және ХЕНКЕЛЬ компанияларының негізгі бағыты құрғақ қоспаларға негізделген цемент, «Ceresit» маркасындағы әрлеу материалдарын өндіру, сондай-ақ Алматы қаласында «Thomsit» маркасындағы желімнің және төсеуге арналған құрамдардың кең түпжиынының өндіруді жүзеге асыру болып табылады.

«Ceresit» Шығыс Еуропадағы жетекші марка болып табылады, оның 16 өндірістік зауыттары бар. Олардың 3-уі Ресей­де, 4-уі Украинада және 1-уі Белоруссияда орналасқан.

Компанияның коммерциялық стратегиясы 4 топқа қалыптастырылатын жүйеге негізделген:

  • Жабынқыш және сұйық ерітінділер;
  • Қасбеттердің қызу шығармау жүйелері;
  • Төсеулер;
  • Гидрооқшаулық құрамдар.

Қапшағай қаласындағы өндірістік зауыт Қазақстан мен Орталық Азия елдері үшін өнімдердің 100 000 тоннадан астамын өндіретін алғашқы зауыт болмақ.

«ХЕНКЕЛЬ БАУТЕХНИК КАЗАХСТАН» ЖШС компаниясы құрылыс үшін химиялық өнімдер өндірісін жүзеге асырады. Құрылыс өнімдерін өндірумен айналыса отырып, ХЕНКЕЛЬ жалғыз импортшы және дистрибьютор болып табылады.[4]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. a b c d e f g Annual Report 2021  (ағыл.). Henkel AG (30 January 2022). Тексерілді, 5 мамыр 2022.
  2. HEN3 Stock Price - Henkel AG & Co. KGaA Pfd. Stock Quote (Germany: Xetra )  (ағыл.). MarketWatch. Тексерілді, 5 мамыр 2022.
  3. Henkel  (ағыл.). Forbes. Тексерілді, 5 мамыр 2022.
  4. http://turkuaz.kz/kk/structure/industrial/henkel/ Мұрағатталған 5 қыркүйектің 2011 жылы.
Ортаққорда бұған қатысты медиа санаты бар: Henkel AG