[go: up one dir, main page]
More Web Proxy on the site http://driver.im/Мазмұнға өту

Hypertext Transfer Protocol

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
(HTTP бетінен бағытталды)

HTTP (ағылш. HyperText Transfer Protocolеренмәтін апарғызу хаттамасы) — Ғаламторда HTML беттерін алмасу үшін арналған хаттама.

HTTP - бұл Дүниежүзілік Ғаламтор үшін мәліметтер байланысының негізі. Мұнда гипермәтіндік құжаттардың пайдаланушыға оңай қол жеткізе алатын басқа ресурстарға сілтемелерді қосады. Мысалы, тышқанды шерту немесе веб-шолғышта экранды түрту арқылы.

HTTP-ді дамыту 1989 жылы CERN-те Тим Бернерс-Лидің бастамасымен жүзеге асырылды. HTTP Request for Comments-ті (RFCs) әзірлеу Internet Engineering Task Force (IETF) және World Wide Web Consortium (W3C)-ның жұмыстарының арқасында үйлестірілді. Кейінірек бұл міндет IETF-ке ауысты.

HTTP клиент-сервер есептеу үлгісінде сұраныс-жауап протоколы ретінде жұмыс істейді. Мысалы, веб-шолғыш клиент, ал веб-сайт орналастырылған компьютерде жұмыс жасайтын қосымша сервер болуы мүмкін. Клиент серверге HTTP сұранысы туралы хабарлама жібереді. HTML файлдары және басқа да ресурстарды ұсынатын немесе клиенттің атынан басқа функцияларды орындайтын сервер клиентке жауап хабарламасын қайтарады. Жауапта сұрауға қатысты орындалу статусы туралы ақпарат болады, сонымен қатар оның хабарлама бөлігінде сұралған ақпарат болуы мүмкін.