Статика
Статика (гр. statіke – салмақ, тепе-теңдік туралы ілім) – механиканың күш әсеріндегі материялық денелердің тепе-теңдік шарттарын зерттейтін саласы; механикалық жүйелердің тепе-теңдік күйін күш әсерімен зерттейтін механика бөлімі.[1] Классикалық механиканың бөлімі.
Негізгі принциптеріне қарай геометриялық және аналитикалық статика болып бөлінеді. Аналитикалық статиканың негізіне кез келген механикалық жүйенің жалпы шартын белгілейтін ығысудың ықтималдық принципі алынған. Геометриялық статика материялық бөлшектер мен абсолют қатты денелерге әсер ететін күштердің қасиеттерін өрнектейтін аксиомаға негізделеді. Геометриялық статиканың тәсілімен қатты дене статикасы да зерттеледі. Мұндай жағдайда есептің төмендегідей екі түрі шешіледі:
- 1) қатты денеге әсер ететін күштер жүйесін қарапайым түрге келтіру;[2]
- 2) қатты денеге әсер ететін күштердің тепе-теңдік шартын анықтау.
Статиканың негізгі ұғымдарына күш, центрге және оське қатысты күш моменті және қос күш ұғымдары жатады. Статика есептерін шешудің графиктік тәсілдері күштерден құралған көпбұрышты және Вариньон көпбұрышын салуға негізделеді.[3][4]
Статиканың аксиомалары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Егер денеге немесе материалдық нүктеге бекітілген күштер жүйесі нәтижесінде дене тыныштық күйде болса немесе инерция бойынша қозғалса, онда бұл күштер жүйесі теңгерілген немесе нөлге эквивалентті деп аталады.[1]
- Дененің механикалық күйін өзгертпей-ақ оған теңгерілген күштер жүйесін қосса немесе алып тастаса болады.[2]
Есептер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Статикалық анықталатын есептер - белгісіздер саны тепе-теңдік теңдеулер санынан көп емес, тепе-теңдік туралы есептер.
Статикалық анықталмайтын есептер - белгісіздер саны тепе-теңдік тендеулер санынан көп тепе-теңдік есептер.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ a b Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Механика / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар : «ЭКО»ҒӨФ. 2007.-29 1 б. ISBN 9965-08-234-0
- ↑ Рахимбекова З.М. Материалдар механикасы терминдерінің ағылшынша-орысша-қазақша түсіндірме сөздігі ISBN 9965-769-67-2
- ↑ Қазақ энциклопедиясы
- ↑ Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Физика / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д,, профессор Е. Арын – Павлодар: С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, 2006. ISBN 9965-808-88-0
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |