Сезия
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін Үлгі:Өзен үлгі-инфобоксын енгізу қажет. |
Сезия (итал. Sesia) — Италияның солтүстік-батысындағы өзен. По өзенінің сол саласы.
Ұзындығы 138 км, бассейннің ауданы 2920 км². Су шығыны — 76 м³/с. Пьемонт және Ломбардия арқылы ағады. Көзі — Италия мен Швейцарияның шекарасындағы Пеннин Альпісіндегі Монте-Роза тау массивінің мұздықтары. Вальсезия аңғары бойынша Боргозезия қаласына дейін таулы аймақтар бойынша ағып барады, оған көптеген салалар құяды. Әрі қарай жер бедері жазықтыққа ұласып, Сезия Падан жазығы арқылы ағады. Пьемонт пен Ломбардияның шекарасында, Касале-Монферрато қаласының маңында Сезия По өзеніне құяды.
Өзенде каякинг (каякада жүзу) бойынша жарыстар өткізіледі. 2001 жылы Еуропа чемпионаты өткен, ал 2002 жылы — әлем чемпионаты өткізілген.
Сезия өзеніндегі қалалар: Боргозезия, Верчелли.
Басты саласы — Черво өзені.
Сілтемелер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Сезия өзенінің суреті (итал.)
- www.terredelsesia.it Мұрағатталған 26 маусымның 2013 жылы.