[go: up one dir, main page]
More Web Proxy on the site http://driver.im/Мазмұнға өту

Кома

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Кома (Соmа - терең ұйқы) - Толық есінен тану, сыртқы тітіркендіргіштерге реакцияларының жойылуы және организмнің өмірге маңызды функцияларының реттелуі бұзылатын орталық жүйке жүйесі қызметінің терең тежелу күйі.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Патологиялық анотомия терминдерінің орысша – латынша – қазақша түсініктеме сөздігі.- Ақтөбе. ISBN 9965-437-40-8

Кома (коматозды жағдай) ( гр. κῶμα — терең ұйқы) — ОЖЖ сананың прогрессирлеп өшуімен жүретін , сыртқы орта тітіркеністеріне жауап бермейтін, өмірлік маңызды ағзалардың, тыныс алу және жүрек қан тамыр жүйесінің бұзылыстарымен жүретін жедел басталатын ауыр патологиялық жағдай. Яғни ОЖЖ қызметінің нашарлауы (әрі қарай ми өлімі) тек сананың сөнуімен емес, сонымен қатар арефлексиямен және өмірлік маңызды ағзалардың реттелуінің бұзылыстарымен жүреді. Кома жеке ауру емес; ол ОЖЖ қызметінің бұзылысы немесе ми тінінің зақымдалуы (бас миының ауыр жарақаты) нәтижесінде дамиды. Комалық жағдайлар шығу тегіне және патогенезіне байланысты ажыратылады, соған байланысты терапевтикалық шаралар қолданылады. Этиологиясына байланысты жіктелген команың классификациясында 30-ға жуық түрі көрсетілген. Соның ішінде бір бөлігі жеке ауруларға емес бір топ аурулар мен синдромдарға жатады. Біріншілік церебралды кома Команың бұл түрінің негізінде бас миының біріншілік зақымдануына байланысты ОЖЖ қызметінің бұзылуы жатыр. Жарақаттық кома (лат. coma traumaticum) — бас сүйек ми жарақаты кезінде орын алады. Эпилептикалық кома (лат. coma epilepticum) — эпилепсиялық ұстамалар кезінде дамиды. Апоплектикалық кома (лат. coma apoplecticum) — ми қан айналымының жедел бұылыстарында дамиды. Менингеалды кома (лат. coma meningeale) — инфекциялық менингиттерде интоксикация нәтижесінде дамиды. Апоплектиформды кома (лат. coma apoplectiforme) — екіншілік ми қан айналымының бұзылыстарында дамиды (Мысалы, миокард инфаркты). Ісіктік кома — ми және оның қабықтарының ісіктерінде дамиды.