[go: up one dir, main page]
More Web Proxy on the site http://driver.im/Мазмұнға өту

Жегі

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Жегі, нома (грек. nome — жара, ойық, жараның жайылуы; синонимі — қатерлі ісік) — дымқыл гангренаның жайылмалы түрі. Организмнің қорғаныс күштерінің әлсіреуінен пайда болады. Көбінесе адамның бетінде, кейде құлақтың қалқан шеміршегінде, мойнында, жыныс мүшелерінде, т.б. пайда болады. Жегі ауыздың кілегей қабығын шірітіп, бірте-бірте ұрт, ерін және таңдайдың кілегей қабықтары мен еттерін жидітіп түсіреді. Негізінен 2 — 15 жас аралығындағы ауыр инфекциялық (қызылша, көк жөтел, дизентерия, күл, сүзек, т.б.) аурулардан кейін жүдеген балалар жиі шалдығады. Аурудың негізгі себептері толық анықталмағанымен, ауруды туғызатын Clostrіdіum pertrіngens бактериясы деп есептеледі. Жегінің клиникалық белгісі: езудің кілегей қабатында бұлыңғыр не геморрагиялық құрамдас көпіршік, кейін кішкентай күлдіреген жара не қара көк дақ пайда болады. 2 — 3 күннен кейін пайда болған дақ ұрттың терісіне, ерінге, қызыл иек еттеріне жайылады. Жарақаттанған жердің айналасы ақшыл балауыз тәрізді болып, сол жерді басқанда саусақтың ізі қалады. Дене темп-расы 38 — 39С-қа дейін көтеріледі. Жегіні емдеу организмнің қарсы тұру күштерін күшейтуге бағытталу керек. Ол үшін калориясы жоғары, поливитаминдерге бай тағам ішу; марганцовка, бор қышқылы, сутек асқын тотығы ертіндісімен ауызды шаю және жергілікті ем жасау, ал ауру асқынып кеткен жағдайда пластикалық операция жасау керек.

[1]

Пайдаланылған әдебиеттер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. "Қазақ Энциклопедиясы"